1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
12 мамырда өткен Қоғамдық-консультативтік кеңестің алғашқы отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын кезең-кезеңімен өзгерту жоспары ұсынылды. ӘМСҚ жыл сайын Қоғамдық-консультативтік кеңестің жаңа құрамын жасақтайды, оған мемлекеттік органдар, медициналық ұйымдар, ҮЕҰ, сақтандыру компаниялары, сондай-ақ депутаттар, сарапшылар және қоғам өкілдері кіреді.
2025 жылғы Кеңестің алғашқы отырысында көпшіліктің дауыс беруімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Константин Авершин төраға болып сайланды. Ол медициналық құрылымдарда істемесе де, үнемі денсаулық сақтау мәселелеріне бей-жай қарамайды. Ал Қазақстан медициналық ұйымдар альянсының төрағасы Дәулетхан Есімов төраға орынбасары лауазымына тағайындалды.

Отырыс барысында Қоғамдық-консультативтік кеңес мүшелері жеке тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, құнды пікір, ұсыныстарын ортаға салды, соның ішінде медициналық қызметкерлер тарапынан алынған ұсыныстар ескерілді.

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов қордың қызметін «жаңғыртуға» бағытталған жаңа бастамалармен таныстырды.

«Қордың қаржылық оператор ретінде қызметі төрт негізгі блоктан тұрады: жоспарлау, сатып алу, мониторинг және төлем. Көбіне соңғы екеуі сынға ұшырайды. Сондықтан алғашқы кезеңде — ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін — біз мониторинг пен төлем процестерін түзету жоспарын іске асырамыз. Бұл процестер айқын, ашық және автоматтандырылған болады. Жоспарлау мен сатып алудағы түбегейлі реформалар көп уақытты қажет етеді, біз оларды жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді Айдын Құлсейітов.
Осылайша, қазір Қордың негізгі міндеттері мен бағыттары оның қызметін реттеу және толық цифрландыру болып табылады. Бұл, орталық аппаратта да, барлық филиалдар деңгейінде де адами фактордың ықпалын минимизациялауға мүмкіндік береді.

Мониторинг аясында Қордың сарапшыларын медициналық профильдер бойынша бөлу және әлеуетті бұзушылықтарды (медициналық ұйымдар тарапынан кемшіліктерлі) қарауда экстерриториалдық принципті енгізу жоспарланып отыр. Басқаша айтқанда, Қордың ақпараттық жүйесі әлеуетті кемшіліктерді анықтаған жағдайда, медициналық ұйымдар қарсылық білдіре алады. Бұндай жағдайда олар Қордың басқа аймақтардағы филиалдарының сарапшыларымен қаралады.

Медициналық ұйымдар сарапшының пікірімен келіспесе, қайта дәлелдер ұсына алады. Осы кезде өзге өңірдің сарапшысы тарапынан қайта қаралады (бүгінде наразылықты бірінші болып растаған сарапшы қарайды).

Егер Қор сарапшыларының пікірлері сәйкес келмесе, соңғы шешім орталық аппаратта қабылданады. Осылайша, үш деңгейлі апелляция жүйесі енгізіледі.

Сонымен қатар, кемшіліктерді сарапшылар арасында бөлуді кездейсоқ түрде, басымдық критерийлерін ескере отырып, компьютер арқылы жасау жоспарланған. Яғни, орталық аппарат та, филиалдар да жеткізушілерді таңдау арқылы тексере алмайды, талқылау барысында субъективтілік төмендетіледі.

Осындай ашық, бірақ күрделі рәсімді енгізу төлем мерзімдеріне әсер етпеуі үшін, Қор «Алдымен төлем — кейін мониторинг» моделін енгізуді жоспарлап отыр (расталған кемшіліктер анықталған жағдайда, олар келесі есептік кезеңде шегеріледі).
Бұл дегеніміз, медициналық ұйым Қордың мониторинг жүргізу нәтижелерін күтпей, ай сайын көрсеткен қызметтер үшін төлем алады. Оның нәтижелері келесі айдағы төлем кезінде ескерілетін болады (кемшіліктер және олар бойынша шегерімдер болған жағдайда). Қазіргі уақытта алдымен медициналық көмек көрсету сапасы мониторингтен өтеді, тек оның нәтижелері бойынша төлем жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, медициналық ұйымдар тарапынан Қорға «сызықтық шкала» қолданылуына бірнеше рет шағымдар түсті. Атап айтар болсақ, жылдық келісімнің сомасы қызмет түрлері бойынша ай сайынғы көлемдерге бөлініп, медициналық ұйым сол көлемдерге сәйкес әрекет етуі тиіс, ал бұл көлемдерден асқан жағдайда артық жұмсалған сомалар алынады.

Бұл белгілі бір дәрежеде қаржылық тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді — егер жылдық жоспардың барлық қаражатының бірінші жартыжылдығында жұмсалса, онда ұйым жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады және пациенттер медициналық көмек ала алмайды.

«Десе де медициналық ұйымдарға қолдау көрсету үшін біз осы құралдың қолданылуындағы икемділікті арттыруды шештік — енді «сызықтық шкала» үш айдың қорытындысы бойынша есепке алынады. Бір айда жоспардан асып кетсе, ал екінші айда орындалмаса — қорытынды сома теңестіріледі. Бұл жұмыстың нәтижесі, ең алдымен, медициналық ұйымдардың жоспарлау тиімділігіне байланысты болады», — деп атап өтті ӘМСҚ басшысы.

Жалпы, Қор өкілдері Кеңес мүшелеріне таныстырылған осы және басқа да жаңашылдықтарды енгізу барысы туралы тұрақты түрде есеп беретінін, Қордың жұмысын жақсарту, ашықтық пен жариялылықты арттыру мақсатында медициналық қоғамдастық пен сарапшылармен талқылаулар жүргізілетінін мәлімдеді.
13.05.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу